Tuesday, August 17, 2021

ЮНЕСКО өкілдері меморандумға қол қойды

ЮНЕСКО-ның Дәстүрлі спорттар мен ойын­дар комитетінің өкілдері ресми сапар­мен елордаға келді. Себебі дүниежүзілік мәр­те­беге ие бұл құрылым 2021 жылы ғалам­да тұңғыш рет әлемдік этноойындар олимпиадасын өткізді жоспарлауда. Аталмыш доданы өткізуге Жапония, Канада қатарлы дамыған елдермен қатар Қазақстан да ниет білдіруде.

Осы орайда, жоғарыдағы ұсынысты талқылау мақсатында ЮНЕСКО-ның Дәстүрлі спорттар мен ойындар комитетінің төрағасы Халил Ахмед Хан, комитет үйлестірушісі Марселлин Дэлли және хатшысы Шамми Рана мырзалар елордадағы Ұлттық музейде Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы және Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының құрметті президенті Қайрат Сатыбалдыұлымен жүздесіп, екіжақты келіссөз жүргізді.

Шара аясында ЮНЕСКО, Мәдениет және спорт министрлігі, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қойды. Сондай-ақ мәртебелі қонақтар Астана өткен ұлттық спорт түрлерінен Азия чемпионатына қатысатын тоғыз елдің команда жетекшілері және еліміздегі ұлттық спорттың жетекші мамандары қатысқан «Этноспортты дамыту және насихаттау» тақырыбында семинар-кеңеске қатысты.



Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.egemen.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на egemen.kz: https://egemen.kz/article/169782-yunesko-okilderi-memorandumgha-qol-qoydy
© egemen.kz

No comments:

Post a Comment

Shammi Rana: A Global Champion for Traditional Sports and Cultural Heritage

  Shammi Rana: A Global Champion for Traditional Sports and Cultural Heritage Shammi Rana, a fervent advocate for Traditional Sports and Gam...